2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында Академияның, сондай-ақ оның өңірлік филиалдарының тыңдаушылары болып табылатын мемлекеттік қызметшілері арасында «Бюрократиясыз аппарат» Республикалық жобалар конкурсы өткізілді.
Осы конкурста біздің филиалымыздың қайта даярлау курстарынан өткен 2 тыңдаушы қатысты. Соның бірі, Бақытжан Акимбеков, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бас маманы, екі турдан да сәтті өтіп, жүлделі орынды иеленді.
Конкурстың мақсаты – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіндегі бюрократизм мен созбалауды іс жүзінде жоюға ықпал ететін шешімдерді таңдау және дамыту болып табылады.
Тыңдаушымыздың жобасы еңбекке қабілеті төмендеген тұлғалардың мүгедектік тобын анықтау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін оңтайландыру, қызмет көрсетуде қағазбастылықты азайту және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауға арналған.
Конкурс кезінде филиалымыздың оқытушылары, жобалық басқару саласындағы сертификатталған тренер-кеңесшілер Аскар Адамов және Рысжамал Аралбаева тыңдаушылардың зерттеу және сараптамалық дағдыларын дамытуға үлестерін қосып қолдау көрсетті.
Айта кететін жайт, конкурсты ұйымдастырған — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!