✍️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау мақсатында қабылданған шешім.
?Біздің Академиямызда ректор Ерлан Қуанышұлының бастамасымен бірнеше жылдан бері Еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп келеді.
?Биыл да Академияның 30-жылдығында Еңбек күніне орай біздің Филиалмен бірге жұмыс жасап, қызмет көрсетіп жүрген қызметшілер Акшабаева Сара Куантаевна және Токшылыкова Ләйля Смагуловна ректордың Алғыс хатымен марапатталды.