2020 жылдың 20-24 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында ОНЛАЙН режимде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары өтіп жатыр.
ОНЛАЙН семинар 3 модульдентұрады:
1-ші модуль: «Қалалық саясат: тұжырымдама және даму стратегиясы»
2-ші модуль: «Мақсатқа жету технологиялары»
3-ші модуль: «Латын графикасы негізіндегі ресми жазылым»
Тренерлер: Дауешова Алия Еркінқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының менеджмент институтының доценті; Негметжанов Талғат Турсунахунұлы – Алматы облысы әкімінің ұйымдастыру және инспекция бөлімінің бас инспекторы, практикалық жаттықтырушы.
Семинар MOODLE, Microsoft Teams платформаларында өтеді.