Академия
жаңалықтары

02
Қазан
Адал азамат – адал еңбек – адал табыс

✍️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау мақсатында қабылданған шешім.

?Біздің Академиямызда ректор Ерлан Қуанышұлының бастамасымен бірнеше жылдан бері Еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп келеді.

?Биыл да Академияның 30-жылдығында Еңбек күніне орай біздің Филиалмен бірге жұмыс жасап, қызмет көрсетіп жүрген қызметшілер Акшабаева Сара Куантаевна және Токшылыкова Ләйля Смагуловна ректордың Алғыс хатымен марапатталды.

Барлығы
30
Қыркүйек
📌Филиалда қайта даярлау курсы басталды

?️Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау – қосымша кәсіби білім алуға арналған оқу курсы.

?️»Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін негізгі үш бағыт бойынша дәрістер өтеді.

?Сонымен қатар, жеке құзыреттерді дамытуға арналған тренингтер жүргізіледі.

 

Барлығы
19
Қыркүйек
Облыстық Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері Филиал тыңдаушыларымен кездесті.

?️Бүгін Филиалдың қайта даярлау курсының тыңдаушылары – басшылық лауазымға алғаштағайындалған мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Тәлімгерлер кеңесінің отырысы Филиалымызда өтті.

➡️»Тәлімгерлер кеңесінің» мақсаты – басшылық лауазымға тағайындалған және мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларын дамытуға және қызметіне бейімделуіне көмектесу болып табылады.

✅️Осыған орай диалог алаңында біздің тыңдаушыларымыз өз идеяларын ұсынып көрсетті, ал кеңес мүшелері өздерінің сұрақтарын қойып, ақылдарын айтты.

 

Барлығы
16
Қыркүйек
Тілдер күніне орай Филиалымызда «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты танымдық сабақ ұйымдастырылды.

?Шарамыз қызықты викторина және танымал ойын форматында өтті.

?Тыңдаушылар екі топқа бөлініп, викториналық сұрақтарға жауап берумен қатар, тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер бойынша білімдерін сарапқа салды.

?Өткізудегі мақсатымыз бір – тыңдаушылар арасында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру, тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін тереңдету, тіл байлығын дамыту, мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсіндіру және шешендік қабілеттерді дамыту.

 

Барлығы
19
Тамыз
🔍 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: неге ол маңызды?

?️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалай және не арқылы жүзеге асырамыз?

* Парасаттылық: Әрекеттер мен шешімдердегі ашықтық.
* Білімділік: Сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсіну және оның алдын алу жолдарын қарастыру.
* Жауапкершілік: нормалар мен стандарттарды сақтаудағы жауапкершілікті алу.

Осыған орай аталған бағытта бүгін Филиалымызда семинар басталды.

Барлығы
11
Маусым
Академияға оқуға түсу жөніндегі ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

2024 жылдың 11- ші маусымында Жетісу облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлеріне Академияда оқу мүмкіндіктері туралы айтылды.
Академияға құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1️⃣ сәуірінде басталып, 2️⃣6️⃣ маусымына дейін жалғасады.

Құжаттар Академияның ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта https://admission.apa.kz сайты арқылы қабылданады.

☎️Қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан немесе Филиал арқылы білуге болады.

 

 

 

 

 


Барлығы
28
Мамыр
Академияға оқуға түсу жөніндегі ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

2024 жылдың 28- ші мамырына дейін Жетісу облысының аумақтық Полиция,Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Экономикалық тергеп-тексеру, Ұлттық статистика, Ветеринариялық бақылау және қадағалау,Жер ресурстарын басқару, Әділет,Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция қызметкерлеріне Академияда оқу мүмкіндіктері туралы айтылды.

Академияға құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1️⃣ сәуірінде басталып, 2️⃣6️⃣ маусымына дейін жалғасады.

Құжаттар Академияның ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта https://admission.apa.kz сайты арқылы қабылданады.

☎️Қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан немесе Филиал арқылы білуге болады.


Барлығы
24
Сәуір
«Жобалық басқару» тақырыбында семинар басталды.

Бір апта бойы тыңдаушылар жобалық менеджмент құралдарымен танысып, негізгі жобалық құжаттармен жұмыс жасайтын болады.

Сабақты жүргізетін – сертификатталған тренер-кеңесші, коуч, ойлау-дизайны маманы Асқар Амангелдіұлы Адамов.

Осы оқуды Филиал Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Барлығы
16
Сәуір
Тұңғыш «Қазақстан Барысы» Филиал тыңдаушыларымен кездесті

Кездесу Филиалдың «Академияның 30-жылдығына – 30 қонақ дәріс» жобасы аясында өтті.

Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарады, сондықтан спорт саласындағы жұмыстарға тоқталып, азаматтардың арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, спикер дене шынықтыру қоғам және әрбір адам мәдениетінің маңызды және ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді спортпен белсенді айналысуға шақырды.

Филиал тыңдаушылары сұрақтарын қойып, шақырылған қонақпен пікір алмасты.

 

Барлығы
10
Сәуір
Академияға оқуға түсу ережелері түсіндірілді

Филиал тыңдаушыларына Академиядағы оқу мүмкіндіктері туралы айтылды.

Академияға құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1️⃣ сәуірінде басталып, 2️⃣6️⃣ маусымына дейін жалғасады.

?Магистратураның білім беру бағдарламалары:
?«MPA – Мемлекеттік басқару»;
?«MHRM – Адам ресурстарын басқару»;
?«MRD – Аймақтық даму»;
?«MPP – Мемлекеттік саясат»;
?«ME – Экономика»;
?«MIR – Халықаралық қатынастар»;
?«ЕМРА – Мемлекеттік басқару» (модульдік оқыту қағидаты бойынша мемлекеттік қызметші емес тұлғалар үшін);
?«MRDm – Өңірлік даму» (модульдік оқыту қағидаты бойынша мемлекеттік қызметші емес тұлғалар үшін).

?Докторантураның білім беру бағдарламалары:
?«DPA – Мемлекеттік басқару»;
?«DIR – Халықаралық қатынастар»;
?«DE – Экономика».

Құжаттар Академияның ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта https://admission.apa.kz сайты арқылы қабылданады.

☎️Қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан немесе Филиал арқылы білуге болады.

Барлығы
10
Сәуір
«Жетісу» телеарнасында көшпелі сабақ өтті

Қайта даярлау курсының тыңдаушылары – басшы лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге «Жетісу» телеарнасында практикалық сабақ ұйымдастырылды.

Жетісу Медиа орталығының тілшілері Мұхит Тоқтасын және Ернұр Медет Өңірлік коммуникациялар қызметінде тыңдаушылармен сұхбат жүргізді.

Практикалық сабақта журналистер камера алдында өзін қалай ұстау, сұхбаттасуға қалай дайындалу керектігін айтып, мемлекеттік қызметшілермен пайдалы лайфхактармен бөлісті.

Көшпелі дәрістің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында сөйлеу және шешендік дағдыларды дамыту.

Барлығы
08
Сәуір
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!⠀

 

 

 

 

 

 


Жетісу облысының филиалы қайта даярлау
курсы және біліктілікті арттыру семинарларын өткізуге келесі пәндер бойынша тренерлерді іріктеу конкурсын жариялайды:

 1.      Қазіргі HR мемлекеттік органдардың рөлі мен мәртебесін зерттеу. Мемлекеттік қызметке кандидаттармен әңгімелесу жүргізу техникасы.

2.      Мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация.

3.      Ең алдымен адамдар. Адамға бағдарланған мемлекет.

4.      Бюджеттік қаражатты жоспарлауды және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру.

5.      Жер заңнамасы: құқықтық актілерді қолдану әдістері.

6.      Мемлекеттік сатып алуды қолдану тәжірибесі.

7.      Практикалық аналитика және басқару шешімдерін қабылдау.

8.      Стратегиялық ойлау және проблемаларды креативті шешу.

9.      Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар (Microsoft Excel, PowerPoint, видеомонтаж, слайдтарды, презентацияларды әзірлеу).

10.  Жеке бренд. Әлеуметтік желілердегі жұмыс: практикалық құралдар.

11.  Іскерлік хат алмасу дағдылары.

12.  Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы: практикалық құралдары.

13.  Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу.

14.  Өңірлік саясат: күшті өңір құралдары.

15.  Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту.

16.  Басқарушының сөз мәдениеті (мемлекеттік тілде).

17.  Практикалық аналитика.

18.  Стратегиялық менеджмент.  

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

1.      жоғары білімінің (маман) немесе магистр дәрежесінің болуы (PhD, ғылым кандидаты және докторы дәрежесінің болғаны жөн);

2.      мемлекеттік қызмет саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің немесе мемлекеттік /квазимемлекеттік секторларда тренинг өткізу тәжірибесінің болуы (іске асырылған жобалар үміткердің түйіндемесінде көрсетіледі);

3.      Қазақстан Республикасының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын, Академияның құндылықтарын, миссиясы мен көзқарасын білу (әңгімелесу кезеңінде расталады);

4.      мемлекеттік және орыс тілдерін білуі, мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі;

5.      оқытудың интерактивті әдістемелерін білуі;

6.      мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында тәжірибеге бағдарланған кейстердің болуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшілігін, олардың міндеттері мен жауапкершілігін түсіну;

7.      ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше);

8.      фотосуреті бар түйіндеме, презентациялық материалдар, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері.

❗️Конкурс Талдықорған қ., Ақсу қ, 2а мекен-жайында өткізіледі.
Құжаттарды 2024 жылғы 17 сәуірге дейін jts.info@apa.kz электронды поштаға жіберу қажет
Байланыс телефондары: +7 (7282) 41-65-04,  +7 747 224 50 68

 

Барлығы
11
Қыркүйек
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

Жетісу облысының филиалы қайта даярлау курсы және біліктілікті арттыру семинарларын өткізуге келесі пәндер бойынша тренерлерді іріктеу конкурсын жариялайды: 

 

 

 

 

  1.  Өңірдің тұрақты дамуын басқару (өңірлік компонент)
  2. Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен имиджі
  3. Өңірдегі ұлттық жобаларды жүзеге асыру: тәуекелдерді басқару (өңірлік компонент)
  4. Бюджеттік қаражатты жоспарлауды және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру

5.      Мемлекеттік қызметтегі құндылықтар. Ынталандырушы корпоративтік орта

6.      Жобаны басқару. Қазақстан Республикасы ISO 21502-2022 жүйесінің жобалы0 менеджмент саласындағы Ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес сертификацияға дайындау. (ІV схема бойынша тренер-кеңесші)

  1. Күйзеліске төзімділік
  2. Көшбасшылық
  3. Қызметті басқару
  4. Ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас
  5. Тиімді коммуникациялар
  6. Жүйелі басқару
  7. Шешімдерді қабылдау
  1. Өзгерістерді басқару
  2. Инновациялық ойлау және эмоционалды интеллект
  3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару
  4. Эмоционалды интеллект және көшбасшылық
  5. Ойлау дизайны
  6. Коммуникативті менеджмент
  7. Коучинг және тәлімгерлік
  8. Өңірлік саясат: күшті өңір құралдары
  9. Жергілікті өзін-өзі басқару: аймақтың кешенді дамуы
  10. Стратегиялық менеджмент
  11. Креативтілік және инновациялар
  12. Мемлекеттік органның цифрлық трансфомациясы.

 Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

1️⃣. Мемлекеттік қызмет саласында практикалық тәжірибесінің немесе тренингтер өткізу тәжірибесінің (мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда) кемінде 3 жыл болуы;

2️⃣. жоғары білімінің немесе магистр дәрежесінің болуы, PhD, ғылым кандидаты және докторы дәрежесінің болуы;

3️⃣. мемлекеттік және орыс тілдерін білуі, мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі;

4️⃣. интерактивті оқыту әдістемелерін білуі;

5️⃣. мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында практикаға бағдарланған кейстердің болуы;

6️⃣. ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше);

7️⃣. фотосуреті бар түйіндеме, презентациялық материалдар, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері.

 ❗️Конкурс күні Талдықорған қ., Ақсу қ, 2а мекен-жайында өткізіледі.

Құжаттарды 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін электронды поштаға жіберу қажет jts.info@apa.kz

Байланыс телефондары: +7 (7282) 41-43-87 +7 747 224 50 6

 

Барлығы