Қайта даярлау курсының тыңдаушылары – басшы лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге «Жетісу» телеарнасында практикалық сабақ ұйымдастырылды.
Жетісу Медиа орталығының тілшілері Мұхит Тоқтасын және Ернұр Медет Өңірлік коммуникациялар қызметінде тыңдаушылармен сұхбат жүргізді.
Практикалық сабақта журналистер камера алдында өзін қалай ұстау, сұхбаттасуға қалай дайындалу керектігін айтып, мемлекеттік қызметшілермен пайдалы лайфхактармен бөлісті.
Көшпелі дәрістің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында сөйлеу және шешендік дағдыларды дамыту.