Қызметі

Академияның филиалы – Академияның жеке құрылымдық бөлімшесі.

Академия филиалының мақсаты – жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру (жергілікті басқару органдарының және Алматы облысының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерін, сот жүйесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, мемлекеттік қызметшілерді, мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындардың қызметкерлерін, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайтын тұлғаларды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру), сонымен қатар мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджменті дамыту және енгізу.

 

Филиал келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

  • жергілікті басқару органдарының және Алматы облысының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері үшін қайта даярлау курстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және Алматы облысының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің және басқа да санаттағы тұлғалардың мемлекеттік қызметшілері үшін оқу семинарларын ұйымдастыру және өткізу;
  • Қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жататын мемлекеттік қызметшілерді даярлау бағытында облыстың мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдарға және облыстың мемлекеттік қызметшілеріне қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша кеңестер беру;
  • оқытудың практикалық бағытын күшейту мақсатында сабақтарды өткізудің заманауи нысандары мен әдістерін енгізу, оны аймақтағы мемлекеттік қызметтің нақты міндеттерін шешуге бағыттау;
  • мемлекеттік басқару органдарының және Алматы облысының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің және басқа санаттардағы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік және шет тілдерін оқыту бағдарламаларын іске асыру ;
  • филиал аясында консультациялық, ақпараттық және басқа да қызметтерді ұсыну ;
  • ғылыми-талдамалық отандық және халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қатысу;
  • мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, құқық, халықаралық қатынастар, білім және ғылым, экономика, әлеуметтану, саясаттану және т.б. саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту және енгізу.