Жаңалықтар

Тілдер күніне орай Филиалымызда «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты танымдық сабақ ұйымдастырылды.

?Шарамыз қызықты викторина және танымал ойын форматында өтті.

?Тыңдаушылар екі топқа бөлініп, викториналық сұрақтарға жауап берумен қатар, тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер бойынша білімдерін сарапқа салды.

?Өткізудегі мақсатымыз бір – тыңдаушылар арасында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру, тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін тереңдету, тіл байлығын дамыту, мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсіндіру және шешендік қабілеттерді дамыту.