Жаңалықтар

Тұңғыш «Қазақстан Барысы» Филиал тыңдаушыларымен кездесті

Кездесу Филиалдың «Академияның 30-жылдығына – 30 қонақ дәріс» жобасы аясында өтті.

Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарады, сондықтан спорт саласындағы жұмыстарға тоқталып, азаматтардың арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, спикер дене шынықтыру қоғам және әрбір адам мәдениетінің маңызды және ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді спортпен белсенді айналысуға шақырды.

Филиал тыңдаушылары сұрақтарын қойып, шақырылған қонақпен пікір алмасты.