Республика күніне орай Филиалымызда білім алып жатқан тыңдаушылар әлеуметке, өңірге пайдалы жобаларды ұсынды.
⠀
Үш апта бойы басшы лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер әртүрлі бағыттарда дағдыларын дамыта алды.
⠀
Осы даярлау курсының Республика күні қарсанында аяқталуы өте маңызды болып отыр. Себебі тыңдаушылар жобаларына ерекше назар аударып аса жауапкершілікпен дайындалды.
⠀
Ұсынылған жобалар:
- «Дара бала» ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы;
- «EcoPark» — Жастар саябағында баламалы энергия көздерін енгізу;
- Бәйдібек би ауылдық округі бойынша кәріз жүйесін жаңғырту;
- «Smart» қоқыс сұрыптау зауыты;
- «UNIQU E-maket» цифрлық біріңғай орталықтандырылған студенттер базасы;
- «OPEN ALAKOL» мобильді қосымшасы.
⠀
Филиал директоры Бакыт Злобин «25 қазан — «Республика күні» еліміз үшін ерекше Ұлттық мереке екенін айтып, болашақта тәуелсіздікті нығайтуға септігін тигізетіндігі туралы сенімін білдірді.
⠀
Бүгінгі жиынымызға Жетісу облысы Жобалық офистің басшысы Гүлжан Асқарқызы қатысып жобаларды бағалады.
⠀
Жаңа буын басшылары қандай да бір жаңалықтың жаршысы. Олар өз идеяларын жүзеге асырып, Филиалда алған білімдерін елдің дамуына, өсіп өркендеуіне тиімді пайдалана алады.