Новости

Служить народу требует максимальной добропорядочности

                                                                       

  18 қараша 2020 жылы Төлеңгіт ауылдық округіне қарасты Жеңдік ауылында көптен бері күтімсіз қалған 70 астам ата-бабалар бейіті қайта жаңартылып, оның басына  мрамор тастар қойыды.  Ата-бабалар рухына   кұран оқылып, көпшілікке ас берілді.

     2018 жылдан бастап  ауылдық округтерде дербес бюджетті қалыптастыру әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде және азаматтардың өз ауылын дамытуға бағытталған шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік берді.

      2019-2021 жылдарға арналған Төлеңгіт ауылдық округі жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасына сәйкес Жеңдік ауылына қарасты қараусыз қалған орталық мұсылмандардың бейітін қоршау үшін ауылдық бюджеттен 2020 жылға 7,0 млн тенге қарастырылып, оның айналасы қоршалды.

     ҚР Президентінің жанында құрылған Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы филиалының ұйғаруымен, осы мекеменің профессоры, осы ауданның құрмтті азаматы Шәріпов  Асқар Қалиұлы басқарған топ 2019- 2020 жыл аралығында халықпен тығыз байланыс орнатып,  орталық бейітіне  қойылған жазулары жойылып кеткен 70-тен астам қабірлердің аты-жөндерін нақтылау жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезге олардың  ұрпақтары арқылы  24-  інің аты-жөндері анықталып, қалған 46-сы әлі зерделенуде. Зерттеу  жүргізу нәтежиесінде көбісінің ашаршылық 1921, 1931-1933 жылдары қайтыс болғаны анықалды. Қазіргі кездегі ұрпақтарға қойылытын жеті ата бабаны білу қағидаты осы бейіттерге құрмет көрсетуден басталатынын байқадық. Қараусыз қалып, аты- жөндері   жоқ болып кеткен 1920-1960  жылдағы орталық бейітте 5-7 ата-бабалар, ал  жаңа 1960-2020 жылғы орталық бейітте 3-4 ата-бабалар жатқаны анықталды. Осы ата-бабларының қайда жатқанын біліп, соларға тағызым ету үшін ұрпақтары  Нұр- Сұлтан, Алматы, Талдықорңан Қапшағай және Текелі қалаларынан келіп, құрмет көрсетті.

      Бұл іс-шараға ҚР Президентінің жанында құрылған Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы филиалы мен Төлеңгіт ауылдық округі арасындағы жасалған келісім шартқа сәйкес халықпен байланысты нығайту,  жергілікті қоғамдастықты дамытып,  сервистік әкімдік жобасы іске асыру аясында орындалды.