Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК

Филиалымызда 13-17 шілде күндері «Ақпараттық және киберқауіпсіздік» тақырыбы бойынша кезекті онлайн семинар өтті.

Тренерлер – Байділдинов Талғат Жарылқасынұлы және Оразбек Бағлан Рахымбекұлы.

Семинар барысында ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы заңнама, ақпараттық ресурстарды пайдаланушының базалық құралдары мен әдістері, әлеуметтік инженерия, парольдік қорғау, вирустар мен антивирустарды шолу сияқты мәселелер қаралды.

Тыңдаушылар осы тақырып бойынша ұсынылған бейнероликтерді қызығушылықпен тамашалап, ситуациялық тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар таба алды.