16 – 30 қазан күндері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында сайлау комиссиясына арналған «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру және сайлау процесінің құқықтық негіздері» тақырыбында кезекті семинар өткізілуде. Семинарға қатысушылар аймақтық және учаскелік сайлау комиссиясының өкілдері, орынбасарлары және секретарлар. Семинар барысында тындаушылар сайлау өткізу кезінде кездесетін өзекті мәселелерге, сұрақтарға тиісті жауап ала алады.
Мақсаты:
Сайлау процесінің құқықтық негіздері туралы білімді кеңейту , Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарын сайлауды өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашу.