2021 жылдың 11 тамызында Академия қабырғасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Н. Назарбаев орталығы арасында конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Қол қою рәсіміне Академия ректоры Ерлан Әбіл, Кәсіби даму институтының директоры Маргарита Қадырова, Орталық тарапынан Орталықтың Басқарма төрағасы Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев, Орталықтың Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының басшысы Байбол Ержан Құрманғалиұлы, сондай-ақ Орталықтың Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Жакиянов Талғат Жардемкулович қатысты.
Қол қойылған Меморандум дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша бірлескен ғылыми-зерттеушілік, ақпараттық-талдамалық және оқу-әдістемелік қызметті іске асыру және дамыту аясындағы Академия мен Орталықтың өзара тығыз әрекеттесуіне бағытталған.
Орталықтың мақсаттары:
- барлық діндер арасында өзара сыйластық жағдайында бейбітшілік пен келісім орнатуға ықпалдасу;
- Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің, оның Хатшылығының және Жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
- әлемдегі діни ахуалдың даму жағдайы мен динамикасына талдау жүргізу;
- конфессияаралық диалогтың қазақстандық тәжірибесін халықаралық деңгейде ілгерілету және т.б. екендігін еске саламыз.