Жаңалықтар

КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КУРСТАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛУЫ БОЙЫНША LIVE-ВЕБИНАР

▪️ Комплаенс институтын одан әрі дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті өңірдің комплаенс-офицерлеріне арналған арнайы курстардың таныстырылуын өткізді.
 
▪️ Вебинарда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Д.Қ. Қалдығожин және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры К.Д. Шакишев әзірленген оқу бағдарламасымен таныстырды.
 
▪️ Кері байланыс барысында қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
 
▪️ Онлайн кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының базасында оқуға қызығушылық танытты.