Жаңалықтар

Ескелді ауданың мемлекеттік қызметшілеріне арналған стратегиялық сессия

Ағымдағы жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қызметкерлері Ескелді ауданының мемлекеттік қызметшілері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында көшпелі стратегиялық сессия өткізді.

Спикерлер – филиал директоры Шакишев Казбек Данагулович, аға оқытушы Адамов Аскар Амангельдинович, аға оқытушы Негметжанова Мариям Кадыровна болды.

К. Д. Шакишев өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Менеджмент және ISO 37001 комплаенсі бойынша халықаралық стандартты енгізу туралы мәселелерді өзектендірді.

Адамов А.А. жобаларды басқарудың іске асыру ерекшеліктері мен өзектілігін қарастырды.

Негметжанова М.К. «Стресске төзімділік» бойынша тренинг өткізіп, стресс себептері, сондай-ақ стресстік жағдайдан шығу жолдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.