Ағымдағы жылдың 25 қазаны мен 5 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Алматы облысы бойынша филиалында жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдеріне арналған «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» тақырыбы бойынша онлайн және оффлайн форматтағы семинар жүргізілді. Семинарды филиалымыздың профессорлары Шарипов Асқар Қалиұлы мен Молдабаев Сарқытбек Сарсембайұлы доцент, әлеуметтану ғылымдарының докторы Аралбаева Рысжамал Кадыровна, психология магистрі Негметжанова Мариям Кадыровна жүргізді. Семинарға қонақ ретінде шақырылған дәріскерлер:
- Алматы облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ. Т. Тұсынбай
- Облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Алматы облысы бойынша «Нұр Отан»партиясы Г.К. Тойлыбаева
- Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі Р.Али
- Алматы облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» басшысының орынбасары Б.А. Тулебекова
- «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік басқармасы басшысының орынбасары Э.Ж. Сарбаева
- Алматы облысы «Кәсіпкерлер Палатасы» өңірлік кеңесінің төрайымы, Алматы облысы «Іскер әйелдер» қауымдастығының төрайымы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Р.А. Салыкова
- Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшының орынбасары Ж.Жұмабаев
- Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Д. Қалдыгужин
- Мемлекеттік сатып алу бойынша бизнес-тренер У.М. Байузакова
Семинар мақсаты: сайланған ауыл әкімдерінің дағдыларын жетілдіру үшін, олардың басқарушылық қызметтерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ, стратегиялық, инновациялық ойлауын, трансформациялық көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.





