Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының бұйрығымен 2022 жылдың 05 сәуірінен бастап Бакыт Николаевич Злобин Академияның Алматы облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.
Директорды ұжымға таныстыру үшін Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл және бірінші вице-ректор Еркін Шажаұлы Дүсіпов Талдықорған қаласына арнайы келді.
Кездесу барысында бірқатар мақсаттар қойылып, ұжыммен ашық сұхбаттасу өтті.