27 сәуірде Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау бойынша ақпараттық сессия өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларымен және оқуға түсуге қойылатын қажетті талаптармен таныса алды.
Құжаттар 2022 жылдың 23 шілдесіне дейін қабылданады.
Толық ақпарат www.apa.kz сайтында