Жаңалықтар

«ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» МЕКТЕБІНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАУ

19 мамыр күні «ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ»ресми түрде аяқталды.

 Жетісу университетінің @zhetysu.university студенттері жарты жыл бойы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы @alm.apa.kz базасында Алматы облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті @elgeqyzmet.almaty_oblysy, Жетысу университеті және филиал арасындағы үш жақты меморандум аясында білім алды.

Біздің жоғары білікті жаттықтырушылар болашақ мемлекеттік қызметшілермен өз білімдерімен бөлісті.

Алматы облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы Ләззат Мұқатайқызы Бисекулова мемлекеттік қызметшінің тәжірибесімен бөлісіп, Мемлекеттік қызметтің артықшылықтары туралы айтып, қазіргі студенттерді болашақ әріптестері қатарынан көргісі келетінін атап өтті.

Филиал директоры Бақыт Николаевич Злобин @bakyt_zlobin балаларды аяқталуымен құттықтап, оларға табыс тілеп, оларды «жаңа Қазақстан»атты команданың бір бөлігі болуға шақырды.

Оқу соңында барлық тыңдаушылар алғаш рет «Жетісу мемлекеттік қызмет мектебін»бітіргені туралы ерекше үлгідегі сертификаттар алды.