Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

Жетісу облысының филиалы қайта даярлау және біліктілікті арттыру семинарларын өткізуге келесі пәндер бойынша тренерлерді іріктеу конкурсын жариялайды:

 

 

 

  • Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу
  • Өнірде мемлекеттік сатып алуды қолдану тәжірибесі
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс
  • Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
  • Цифрлық құзіреттіліктерді дамыту. Data Science, деректерді визуализациялау және блокчейн-технологиялар
  • Өнірде азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу: ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің практикалық аспектілері
  • Цифрлық құзіреттіліктерді дамыту. Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы
  • Өнірдегі мемлекеттік органдарда іскер хат алмасу
  • ҚР сайлау процесі: теория мен тәжірибе
  • Жер заңнамасы: өнірде бекітілген және әзірленген құқықтық актілерді қолдану әдістері
  • Өнірдегі ұлттық жобаларды жүзеге асыру: тәуекелдерді басқару
  • Бюджеттік қаражатты жоспарлауды және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру
  • Ресми мәтін және жазылым дағдылары

    Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
    1️⃣ Мемлекеттік қызмет саласында практикалық тәжірибесінің және/немесе тренингтер өткізудің тәжірибесінің (мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда) кемінде 3 жыл болуы;
    2️⃣ жоғары білімінің немесе магистр дәрежесінің болуы, PhD, ғылым кандидаты және докторы дәрежесінің болуы;
    3️⃣ мемлекеттік және орыс тілдерін білуі, мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі;
    4️⃣ интерактивті оқыту әдістемелерін біліу;
    5️⃣ мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында практикаға бағдарланған кейстердің болуы;
    6️⃣ ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше);
    7️⃣ фотосуреті бар түйіндеме, презентациялық материалдар, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері.

    ❗️Конкурс 2022 жылғы 4-23 қаңтар аралығында өткізіледі.

    Құжаттарды 2023 жылдың 23 қаңтарға дейін электронды поштаға жіберу қажет
    ? jts.info@apa.kz
    ? Байланыс телефондар: +7 (7282) 41-43-87, +7 747 224 50 68