Жаңалықтар

ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысының әкімдігімен бірлесе облыстық Жетісу телеарнасында «Әдептен озбайық» жаңа тележобасын іске қосты!
Жобаның авторы және жүргізушісі Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы. «Әдебтен озбайық» телевизиялық бағдарлама айына бір рет, әр сонғы бейсенбі күні облыстық Жетісу телеарнасында көрсетіледі.

Бағдарламаға мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері қатысады.
Жобаның әрбір шығарылымында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, мемлекеттік қызметшілердің әдібі және мемлекеттік қызметшілерге қойылған өзге де мәселелері талқыланады.

Ең алғашқы шығарылымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Мұқатайқызы Бейсекулованың және ҚР Президенттік жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының аға оқутышысы Негметжанова Мәриям Қадырқызының қатысуымен эфир өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Алматы облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Негметжанова Мариям Кадыровна бірнеше сұрақтарға жауап берді:
Олардың ішінде 1.тәрбиенің маңыздылығы мен қажеттілігі жайлы
2. Әдет-ғұрыптың қазіргі кездегі құндылығы
3. Әдеп мәселесі бойынша Алматы облысы филиалында қандай жұмыстар атқарылып жатыр

 Эфир барысында Ләззат Мұқатайқызы Департаменттің негізгі бағыттары туралы айтып, сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдері және мемлекеттік қызметті өткеру бойынша басқа да мәселелер талқыланды.