Ағымдағы жылдың 04 наурыз күні жұмыс сапары аясында Департамент басшысының орынбасары Манап Қ. Т. пен ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қ.Д. Шакишев Алматы облысының Ақсу және Сарқан аудандарының қоғам қайраткерлерімен, депутаттарымен, еріктілерімен және жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен кездесу өткізді.
Баяндама барысында Манап Қ. Т. қатысушыларды Агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен және Департаменттің 2021 жылға арналған жұмысының қорытындыларымен таныстырды.
Іс-шара Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде азаматтық қоғаммен сындарлы диалог құру мақсатында өткізілді.
«Ашық диалог» түріндегі кездесу форматын ескере отырып, қатысушылар мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсу мәселелері бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Сапар аясында Департамент басшысының орынбасары Манап Қ. Т. азаматтарды жеке қабылдады, оның барысында тұрғындардың барлық уәждері тыңдалып, сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Кездесу карантиндік шаралардың барлық талаптарын сақтай отырып өткізілгенін атап өтеміз.