Жаңалықтар

«Бюрократиясыз аппарат» Республикалық жобалар конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Филиалымыздың қайта даярлау курсы аясында дайындалған жобаның авторы – Бақытжан Акимбеков, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бас маманы аталған Конкурсқа қатысып жүлделі III орынды иеленді .
 
Барлық қатысушыларды Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan ректоры Yerlan Abil және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі / Агентство РК по делам госслужбы Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі сапасын бағалау және бақылау департаментінің директоры Салауат Силибаевич Муксимов құттықтады.
 
Биыл конкурс бірінші рет өткізілді және де оған 70-тен астам өтініш түсті, солардың арасында төрт жеңімпаз таңдалды.
 
Филиалдар жиынға бейнебайланыс арқылы қосылды, сондықтан Бақытжанға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы атынан дипломды табыстадық.
 
Бақытжан филиал тыңдаушыларына осындай мүмкіндіктерді жасап отырған Академия мен Агенттіктің басшылығына алғысын білдірді.
 
Осы жобаға co-teaching аясында көмек көрсеткен – филиалымыздың білікті маманы Аскар Адамов .
 
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!