Жаңалықтар

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУ МАҢЫЗДЫ

Білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасынан жастарды кәсіптік бағдарлау және іріктеу арқылы мемлекеттік қызметке кадрларды тартудың кешенді жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында Департамент басшысының орынбасары Манап Қ.Т. және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қ.Д. Шакишев, Текелі кәсіптік колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларды Департаменттің қызметі мен функциялары, мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру кезеңдері, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау туралы хабардар етіп, сонымен қатар түлектерді «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Жиын барысында қатысушылар арасында белсенді диалог болды, оқушылар ҰБТ тапсырғаннан кейін қандай мамандықты таңдаған дұрыс, ол сұранысқа ие бола ма және қандай да бір мамандық алған кезде олар мемлекеттік қызметте жұмыс істей ала ма деген сұрақтар туындады. Барлық сұрақтарға жауаптар беріліп, осы тақырыпқа қатысқан студенттер жоғары қызығушылық танытты.