Жаңалықтар

ISO 37001 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫН ЕНГІЗУ

ISO 37001-халықаралық стандарт, оның мақсаты ұйымдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды басқаруға көмектесу. Стандарт сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтауға және алдын алуға, қолданыстағы бақылауды күшейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын басқару жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Осы халықаралық стандарт кез келген саладағы шағын, орта және ірі ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес ұйымдарға қолданылады.

⠀Халықаралық стандарт ұйымға парақорлық жағдайлары бойынша алдын алу, анықтау және шаралар қабылдау үшін әзірленген негізделген және тиісті тетіктерді енгізуге көмектесе алады.

⠀Ағымдағы жылдың 4-5 қазанында Өтенай ауылдық округі әкімі аппаратында, Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасында ISO 37001 халықаралық стандартын енгізу шеңберінде сыртқы аудиттің бірінші кезеңі өткізілді

⠀29 қыркүйек айында Алматы облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы Талдау және болжау Орталығында екінші кезең өткізілді

⠀Қазіргі уақытта осы стандартты Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында енгізу рәсімдері жүргізілуде