Жаңалықтар

МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

2021 жылдың 20 қазан күні Қазақстан Республикасы?? Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазбек Данағұлұлы Шакишев Талдықорған қаласындағы музыкалық колледж қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: ұйымдарда «парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» ISO 37001:2016 сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стандартын және комплаенс қызметтерін енгізу бойынша түсіндіру жұмысы болды.

Әңгімелесу барысында Қазбек Данағұлұлы ұйымның қызметіне жобалық менеджментті енгізу, ұйымның ребрендингі, этика, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, тимбилдингтер өткізу, бренсторминг, Development – day, Идеялар фабрикасы сияқты мәселелерді де айтып өтті.