2022 жылғы 5 сәуірде Талдықорған қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әбіл Е.Қ. мен бірінші вице-ректор Дүсіпов Е.Ш. Академияның Алматы облысы бойынша филиалының тыңдаушыларымен кездесті.
⠀
Оқытудан өткен мемлекеттік қызметшілер басшылыққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, өңірдің кейбір мәселелерін белгіледі, оқыту процесін жетілдіру бойынша тілектерін білдірді.