Жаңалықтар

САРАПШЫЛЫҚ ПІКІР

– Ең бастысы – нақты нәтижелерге қол жеткізу.

Президент Қ.К. Тоқаев реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырысы кезінде: «Ұлттық жобалар бойынша барлық міндеттер тез, әуре-сарсаңсыз, ведомстводан тыс талқылаусыз және жауапкершілікті ысырып тастамай шешілуі тиіс. Ең бастысы-нақты нәтижелерге қол жеткізу. Ол үшін жобалардың іске асырылуын мониторингілеудің нақты жұмыс істейтін жүйесі қажет», – деп көрсеткен тапсырмасы қазіргі қиын-қыстау уақытта маңызды мәселелердің бірі екенін атап өткен жөн.

Себебі, ұлттық жобалардың негізгі мақсаты – бұл халықтың өмірі мен қызметінің қандай да бір оң өзгерісі, сондықтан да халыққа кез-келген бағдарлама, жобалар бойынша жасалған жұмыстарының статистикасынан немесе атқарылған міндеттері мен талқылаулардан қарағанда, оның қоғамға берген оң өзгерісті нәтижелерін сезінуі маңыздырақ. Ал мұндай нәтижеге жету икемді басқаруды толыққанды қолға алуды қажет етеді.

Мұндай басқарудың құралы ретінде жобалық басқарудың әдістемесін мемлекеттік қызметкерлердің игеруі мен нақты жұмыстарында қолдануы арқылы жүзеге асырылады. Себебі, жобалардың сапалы, мерзіміне сай уақытылы және бекітілген бюджет шеңберінде орындалуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба менеджментінде жоспарлау сатысында тапсырыс берушінің барлық талаптары, жобаның сапасы мен мазмұны және оның кестесі, құны, тәуекелдері толығымен жүйеленіп, оны кесте мен бақылау нүктелеріне сәйкес үздіксіз мониторингі жүргізіледі.

Бүгінгі уақытта бұл әдістемені қолданудың барлық алғышарттар жасалған. Атап айтсақ, Ұлттық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу офисі мен орталық мемлекеттік органдар және аймақтарда жобалық офистер құрылған. Бұл Ұлттық жобалар офисі барлық ұлттық жобаларды бақылап, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіп, тәуекелдерді анықтап қана қоймай KPI индикаторлардың орындалмай жатқандығы туралы ескерту жіберетін бірігей құрылым және бірыңғай жүйе болып табылады.

Сонымен қатар жобалық басқару бойынша мемлекеттік қызметкерлерді оқыту және сертификаттау жұмыстары да қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстарды атқаруға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының «Тренер-консультант» сертификациясынан өткен арнайы жинақталған кәсіби тренерлар пулы өткізуде.

Алайда, осындай игіліктерді қолдануға кейбір мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қызығушылығы төмен екендігін байқауға болады. Бірінші басшылар осы жобалық офистардың ақпараттық платформалары арқылы әрбір жобаның атқарылуының жете мониторингісін жүргізіп, мемлекеттік секторға жобалық басқаруды дамытуға тікелей ат салысса, бұл құрал толыққанды өз тиімділігін беретіні сөзсіз.

Адамов Асқар Амангелдіұлы ,
ҚР Президентінің жанындағы
мемлекеттік басқару Академиясының Жетісу
облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, PM «Тренер-консультант!