Тілдер сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Тірегім» атты іс-шара өтті.
Ұйымдастырушылар-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаменті, Алматы облысының мәдениет, архив және құжаттама басқармасы.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазбек Данағұлұлы Шакишев «Мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша баяндама жасады.





