Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ КӘСІБИЛЕНДІРУ

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында жұмыс сапары аясында Департамент басшысының орынбасары Манап Қ.Т., және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қ.Д. Шакишев, Алматы облысының Текелі қаласы қоғам қайраткерлерімен, депутаттарымен, еріктілерімен және жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында директор жалпы мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар туралы шолу жасады. Мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделін енгізу, мемлекеттік органдарда бизнес-процестерді оңтайландыру және цифрландыру, оларды іске асыру жолдары мәселелері қозғалды. Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша даярлықтан өту мүмкіндіктері туралы ерекше назар аударылды.