Қарашаның 9 жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы облысы бойынша филиалында – Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының ұйымдастыруымен Алматы облысының облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттары үшін «МӘСЛИХАТТАРДЫҢ РӨЛІ МЕН ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТУ» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинарды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Шакишев Қазбек Данағұлұлы ашты.
«Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейту» семинар спикерлері:
- Батталова Зауреш Қабылбекқызы – Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті
- Рахимов Бекзат Рахимұлы – ҚР АҚДМ мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры
- Тойлыбаева Гульнар Қожағұлқызы – «Nur Otan» партия төрағасының орынбасары.
Семинар интерактивті түрде тыңдаушылармен белсенді қарым-қатынаста өтті.


