Жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АШЫҚ ҮКІМЕТ ПАРАДИГМАСЫ:
ЕСТУ, ТҮСІНУ, ӘРЕКЕТ ЕТУ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы
Астана мемлекеттік қызмет хабы

ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АШЫҚ ҮКІМЕТ ПАРАДИГМАСЫ: ЕСТУ, ТҮСІНУ, ӘРЕКЕТ ЕТУ

2023 жылғы 27-28 сәуір, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен, Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен өтетін «Жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы ашық үкімет парадигмасы: есту, түсіну, әрекет ету» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты жаһандық сын-қатерлер контекстінде Қазақстанда ашық үкіметтің дамуы мен оның «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен байланысы мәселелерін талқылай отырып, мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Конференцияның негізгі бағыттары: мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, экономика, халықаралық қатынастар, бюрократиядан арылту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сервистік мемлекеттік аппарат, мемлекеттік қызметшінің этикасы мен имиджі, билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл, мемлекеттік қызметтегі HR.
Әр секция аясында панельдік пікірталастар, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға арналған практикумдар өткізіледі. Толық ақпаратты конференцияның https://www.academyconference.apa.kz сайтынан алуға болады.
Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен сараптамалық орталықтардың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, магистранттар мен докторанттар қатысады. Конференцияға қатысу және баяндамаларды жариялау тегін.
Авторларға «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» (https://journal.apa.kz/index.php/path) журналында материалдарын жариялау мүмкіндігі ұсынылады.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Қатысу формалары: офлайн, онлайн
Баяндаманың тақырыбы мен аңдатпаны жолдау мерзімі: 2023 жылғы 24 наурызға дейін.
Баяндаманы ұсынудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 10 сәуірі.
Байланыс деректері:
Тел.: +7 (7172) 753264, +7 701 9420443
E-mail: kamilla.sheryazdanova@apa.kz

Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті